Алматыда наразылық жиынына шыққаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, бес күнге қамалған азаматтар бостандыққа шыға бастады. Мамырдың 15-сі күні бірінші болып азаматтық белсенді Ерлан Қалиев түскі 12 жарым шамасында қамаудан шықты. Оның айтуынша, бүгін наразылыққа шыққан тағы алты адам шығуы тиіс. Бірақ уақыттары әлі белгісіз.
- ҚР Әкімшілік кодексінің 50-шы бап, 3-ші тармағына сәйкес, әкімшілік жазаға тартылған адамның ұсталу мерзімі есепке алынады. (Яғни, түсте ұсталса, түсте босатылуы тиіс - Азаттық) Біз мұны әлгінде аппеляция кезінде айттық.