Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Демократтар Трамптың жаңа ұсыныстарын қабылдамады

АҚШ конгрессіндегі демократтар президент Дональд Трамптың федералдық үкімет жұмысын жандандыру мәселесі туралы ұсыныстарын қабылдамай тастады. Демократтар ұсынысты сенатта және өкілдер палатасында қабылдатпай тастайтындарын мәлімдеді.


Трамп конгресске АҚШ-қа бала кезінде келген заңсыз мигранттарды үш жыл құқықтық қорғауға алуды және ел аумағында жүріп-тұру мерзімі аяқталған мигранттарды депортацияламауды ұсынған. Ол мұның есесіне заңсыз миграцияны тоқтату үшін конгресстен Мексикамен шекарада дуал салуға бес миллиард доллардан астам қаржы бөлуді сұрап отыр. Трамп сонымен қатар бүкіл шекара бойына емес, 370 километр бөлігіне ғана қабырға тұрғызуды ұсынады.


Бірақ сенаттағы демократтар жетекшісі Чак Шумер АҚШ-қа бала кезінде заңсыз келген мигранттар мен басқа да мигранттардың мәселесі үш жылға кейінге шегерілмей, түпкілікті шешілуі тиіс деп санайды. Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси президент Трамптың ұсынысын "қисынсыз" деп атады. Демократтар миграциялық реформаны федералдық үкімет жұмысы жандандырылған соң ғана талқылауға дайын екенін білдірді. Олар Трамптың басты талабы - шекарада қабырға тұрғызуға қаржы бөлуге үзілді-кесілді қарсы.


Үкімет жұмысының ішінара тоқтап тұрғанына ("шатдаун") 30 күн болды. Демократтардың шекарада қабырға тұрғызуға қаржы бөлмеуінен конгресс бюджетті бекіте алмай отыр. Мұның салдарынан бірқатар федералдық мекемеге бюджеттен қаржы бөлінбей, 800 мыңға тарта федералдық қызметкер жалақысыз қалды. Мемлекеттік қызметкерлердің біразы ақысыз еңбек демалысына жіберілді, біразы жалақысыз жұмыс істеп жатыр. Оларға "шатдаун" аяқталған соң жалақы төленеді. Жалақы ала алмай отырған ведомстволар қатарында ішкі қауіпсіздік министрлігі, трамнспорт және әділет министрліктері, мемлекеттік департамент пен федералдық тергеу бюросының мекемелері бар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus