Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БҰҰ-ның Малидегі миссиясына шабуылды "Әл-Қаида" бөлімі мойнына алды

"Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар "Нусрат әл-Ислам" тобы Малидің солтүстігінде БҰҰ бітімгерлік миссиясына жасалған шабуылды мойнына алды. "Нусрат әл-Ислам" тобы бұл туралы мәлімдемесін 21 қаңтарда Telegram каналында жариялады. Мәлімдемеде 20 қаңтар күні Малидің Агельхок елді мекенінде болған шабуылдың "Чад президенті Идрис Дебидің Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасты қайта бастау туралы шешіміне жауап ретінде жасалғаны" айтылады. Шабуылдан Чадтың 10 әскери қызметкері қаза тауып, 25-і жараланған.


БҰҰ-ның хабарлауынша, "Ақ каска" ұйымы содырлар шабуылына тойтарыс беріп, бірнешеуінің көзін жойған. Алайда, нақты қанша  содырдың өлгені айтылмайды.


Батыс Африкада орналасқан Малиде 2013 жылдан бері БҰҰ-ның 100-ден астам әскери қызметкері қаза тапты. 2012 жылы содырлар Малидің солтүстік бөлігін басып алған соң бұл елде БҰҰ бітімгерлік миссиясы аясында 13 мың бітімгер орналастырылған. 2013 жылы француз әскерилері содырларды тықсырып шығарған. Малиде қазір төрт мың француз әскері бар.


2015 жылы Мали үкіметі мен қарулы топ арасында бейбіт келісім жасалғанымен, исламшыл топ шабуылы әлі тоқтамай тұр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus