Белградта 19 қаңтарда билікке наразы мыңдаған адам шеруге шықты. Өткен жылы 23 қарашада Сербиядағы солшыл партия лидері Борко Стефановичке шабуыл жасалғаннан кейін ел астанасында әр сенбіде қарсылық акциялары өтеді. Наразылар Сербия президенті Александр Вучичтің, ішкі істер министрі Небойс Стефановичтің және қоғамдық радио мен телеарна басшысы Драган Буйошевичтің отставкаға кетуін талап етті.