Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Израиль Сириядағы "Хезболла" нысандарын зымыранмен атқылады

Израиль әскерилері қаңтардың 20-сы күні Голан жоталарының солтүстік жағына атылған зымырандарды қағып түсіргенін хабарлады. Бірақ Израиль тарапы зымырандарды кім атқанын және оған қарсы зымыран ұшырғанын, я ұшырмағанын айтпады. 


Алайда, мұның алдында Сирияның мемлекеттік БАҚ-ы елдің зымыран шабуылынан қорғаныс күштері Сирияның оңтүстігіне "Израильдің әуеден жасаған соққысына тойтарыс бергенін" мәлімдеген. Сирия зымыран шабуылынан қорғаныс күштерінің Израиль ұшақтарының шабуылын тойтарғанын Ресей әскерилері де мәлімдеді.


Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының мәліметінше, Израиль әскери ұшақтары Дамаск әуежайына соққы жасаған. DPA агенттігінің дереккөзі Дамаск оңтүстігінде орналасқан әуежайға бес зымыран атылғанын, бірақ зымыраннан қорғаныс жүйесі олардың барлығын қағып түсіргенін айтады. Шабуылдан адамдар зардап шеккені немесе нысандар қирағаны туралы мәлімет жоқ.


Сирия БАҚ-ының хабарлауынша, Израиль 12 қаңтарға қараған түні де Дамаск әуежайын зымыранмен атқылап, ираншыл "Хезболла" радикалдық ұйымы пайдаланып отырған әскери қоймаларды жойған. "Хезболла" жасақтары Сирия билігінің жағында соғысып жатыр. Израиль әуеден соққы жасағанын растап, Сирия аумағындағы Иран нысандарын жоюға хақы барын мәлімдеген.


Былтыр қыркүйекте Сирияның зымыран шабуынынан қорғаныс жүйесі Израиль шабуылына тойтарыс беру кезінде Ресейдің Ил-20 әскери ұшағын атып түсірген. Ұшақта болған 15 адам қаза тапқан. Ресей ұшақты атып түсіруге Израильді кінәлап, Сирияға С-300 зенит-зымыран кешендерін жеткізу туралы шешім қабылдаған. Бұл кешендердің қорғаныс сапына алынғаны туралы әзірге хабарланған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus