Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлыбритания: Әлиевтің қыздары ақша жымқыру күдігіне ілінді

Ұлыбритания соты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қыздары ақша жымқыруға қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл ақпаратты The Guardian газеті таратты. Апалы-сіңлі Лейла мен Арзу Әлиевалар Лондоннан құны 60 миллион фунт болатын жылжымайтын мүлік сатып алғаны тергеушілердің күдігін тудырған. 


Guardian Әлиевтің қыздары Лондонның Найтсбридж ауданында Букингем сарайына жақын маңнан екі пәтер сатып алғанын хабарлаған.


Пәтерлерді алу үшін әуелде британия заңгері Халид Шарифтің панамалық Mossak Fonseca фирмасынан сатып алған оффшор компаниясын пайдалану жоспарланған. Бірақ 2016 жылы "Панама құжаттары" жария болып, онда Mossak Fonseca фирмасының да аты аталған соң бұл жоспар тоқтап қалған. 


Сот Шарифті "Әлиевтердің қаражаты қайдан келгенін тексермегені" үшін 45 мың фунт айыппұл төлеуге міндеттеген. Ұлыбритания заңы бойынша, саясатқа қатысы бар тұлғалар немесе олардың жақындары елде жылжымайтын мүлік сатып алса, қаражат көзі тексерілуі керек. Тергеу мәліметіне қарағанда, Шариф Әлиевтің қыздары саясатпен айналыспайтынын айтып, тексеріске қарсы болған. 


2016 жылы Mossak Fonseca фирмасына қатысты зерттеу жарияланған соң "Әлиев отбасы Лондон, Дубай және Прагадан жылжымайтын мүлік сатып алу үшін оффшор компаниялары желісін пайдалануы мүмкін" деп күдікке ілінген. 


2010 жылы жарияланған АҚШ мемлекеттік департаменті телеграммасында Әзербайжан экономикасы түгелдей президент Ильхам Әлиевпен байланысы бар адамдардың бақылауында екені айтылған. Ильхам Әлиев Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің мұрагері болған және елді 2003 жылдан бері басқарады. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus