Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ресейлік құқық қорғаушы Лев Пономарев қамаудан босады

Ресейдегі "Адам құқықтары үшін" ("За права человека") қозғалысының жетекшісі, 77 жастағы құқық қорғаушы Лев Пономарев қамаудан босады. Пономарев Facebook-те жариялаған жазбасы үшін Мәскеудегі арнайы абақтыда 16 тәулік әкімшілік қамауда отырып шықты. 


Ресейлік "Интерфакс" агенттігінің Пономаревке сілтеме жасап хабарлауынша, құқық қорғаушыны 21 желтоқсан күні таңертең полиция көлігімен Мещанск аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіп, "қол сөмкелерімен бірге көшеге қалдырып кеткен". 


Мәскеудің Тверь аудандық соты желтоқсанның 5-і күні Лев Пономаревті "Сеть" ("Пенза ісі") және "Новое величие" істері бойынша айыпталғандарды қолдау акциясына қатысуға шақырғаны үшін 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған. Сот отырысына қатысқан бірлескен қоғамдық бақылау тобы (ОГОН) өкілдерінің хабарлауынша, сот 77 жастағы құқыққорғаушыны "акция өткізу тәртібін қайта бұзғаны үшін" айыпты деп таныған. Кейін қалалық сот қамау мерзімін 16 тәулікке азайтқан.


Ресей президенті Владимир Путин 20 желтоқсан күні баспасөз жиынында құқық қорғаушылардың сауалынан соң бас прокуратураға Пономаревті қамауға алу жайын тексеруді сұраған. Путин дегенмен құқық қорғаушының "рұқсат берілмеген митингіге шығуға шақырғанын" айтқан.


"Біз елде Париждегі сияқты жағдайлар болғанын, сосын ел аумағында төтенше жағдай жарияланғанын қаламаймыз ғой" деген Путин. Ресей бас прокуратура құқық қорғаушының ісінен ешқандай заң бұзушылық таппай, әділет министрлігіне "Адам құқықтары үшін" қозғалысын кезектен тыс тексеруді тапсырған.


Сот қамаудағы Пономаревті әріптесі, ресейлік белгілі құқық қорғаушы Людмила Алексееваны жерлеуге жібермей қойған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus