Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ қорғаныс министрі отставкаға кетеді

АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис отставкаға кетуге өтініш білдірді. Ол президент Дональд Трампқа жолдаған өзін отставкаға жіберу жөніндегі өтінішінде қызметінен кету шешіміне бірқатар мәселе бойынша келіспеушілік себеп болғанын айтады.


Мэттис АҚШ-тың одақтастарымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізгенін және Ресей мен Қытай сияқты елдерге қарсы әрекетін жақтайтынын айтады. Ол Ресей мен Қытай әлемдік тәртіпті өз ұстанымдарына сай, көрші елдердің ішкі ісіне килігу арқылы қайта құруға талпынып жатыр дейді. Пентагон басшысының пікірінше, АҚШ Ресей мен Қытайдың бұл іс-әрекетіне қарсы тұратын одақты күшейту үшін қолда бар күш-қуатын пайдалануы қажет.


"Сіздің осы және басқа да мәселелер бойынша көзқарасы өзіңіздікімен бірдей министр ұстауға хақыңыз бар болғандықтан, мен қызметімнен кеткенім жөн болар деген шешімге келдім" деп жазды Мэттис. Пентагон басшысы 2019 жылдың 28 ақпанында қызметінен кетеді.


Президент Дональд Трамп Twitter-де Джеймс Мэттистің отставкаға кететінін растап, оған қорғаныс министрлігін басқарған екі жылдағы Пентагонның жетістігі үшін алғыс білдірді.


Трамп жаңа қорғаныс министрі болатын адамды таяуда жариялайтынын айтты.


19 желтоқсан күні Дональд Трамп алдағы екі айда АҚШ әскері Сириядан шығарылатынын жариялаған. Оның бұл шешімін АҚШ-тың одақтастары да, АҚШ Конгресі де сынады. Джеймс Мэттис Сириядан дәл қазір АҚШ әскерін шығаруға қарсы болған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus