Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қарағандыда кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға шағымдарын талқылады

Қарағанды облысында кәсіпкерлер негізінен полиция және жергілікті атқару органдары мен салық органдарының қызметіне көп шағымданады. Шағын кәсіп иелерінің көбі сонымен қатар билікпен арадағы мәселесін хабарлауға және жария етуге қорқады. Бұл туралы 20 желтоқсан күні Қарағандыда өткен Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жиынында айтылды.


Кеңес жиынында жарияланған мәліметтер бойынша, биыл кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың өз қызметтеріне жөнсіз киліккеніне, бизнес жүргізуге жер телімін беруден негізсіз бас тартқанына және мемлекеттік сатып алу мен тексерістің заңсыз жүргізілгеніне жиі шағымданған.


Жиында сонымен қатар кейбір шешімін тапқан проблемалар да айтылды. Мысалға, биыл Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігінің академиясына қарасты асхана төңірегінде туындаған дау шешілген. Академиядағы асхананы жалға алған жеке кәсіпкер қызметіне кедергі жасалып отырғанына бірнеше рет шағымданған еді. Осыдан кейін кәсіпкерлер палатасы ішкі істер министріне мәселеге араласуын сұрап хат жазып, мәселе кәсіпкердің пайдасына шешілген.


Бұдан өзге, Қарағандыдағы фирмалардың бірінің директоры құқық қорғау органдары заңға қайшы жұмыс істеді деп арызданған. Директор "заңды бұза отырып шетелден жұмыс күші мен еңбек мигранттарын тартқаны үшін" әкімшілік жауапқа тартылған. Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Серік Төрегелдиннің мәлімдеуінше, кеңес облыстық прокуратураға шағымданған соң кәсіпкерді әкімшілік жауапқа тарту туралы сот шешімі заңсыз деп танылған.


Жиын барысында кеңес мүшелері келер жылдан бастап облыстағы шалғай аудандарға барып, жергілікті бизнес өкілдерімен кездесуді және олардың проблемаларымен танысуды жоспарлап отырғанын айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus