Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қырғызстанда заңсыз жүрген шетелдіктерді елден шығаруды талап етті

Бішкекте "Кыргыз чоролору" қозғалысының белсенділері Қытай елшілігінің алдында пикет өткізіп, биліктен Қырғызстанда заңсыз жүрген шетелдіктерді 30 күн ішінде елден шығаруды талап етті. 


Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, 20 желтоқсанда өткен акцияға 200-ге тарта адам жиналды. Акцияны ұйымдастырушылар мемлекеттік органдар заңсыз жүрген шетелдіктер санын анықтап, оларды елден шығару үшін қоғам өкілдерімен бірлескен комиссия құруы керегін мәлімдеді. Ұйым мүшелері егер бұл талабы орындалмаса, онда заңсыз жүрген шетелдіктерді елден шығарумен өздері айналысатынын мәлімдеді.


Бірер күн бұрын пикетті ұйымдастырушылар Қытай билігінен этникалық азшылық өкілдерін қудалауын тоқтатуды және әр азаматты не себепті ұстағанын түсіндіруін талап еткен.


Соңғы айларда Қытай билігі Шыңжаң өлкесінде этникалық азшылық өкілдерінің жаппай қудаланып, құқық қорғаушылар "саяси үйрену лагерлері" деп атайтын орталықтарға қамалуына байланысты халықаралық қауымдастықтың жіті назарына іліккен. Пекин ол лагерьлерді "кәсіби оқыту орталықтары" деп атайды. Әрқилы дерек бойынша, мұндай орталықтарда отырған адам саны миллионға жетеді.


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков осы аптада өткізген баспасөз мәслихатында Қытайдағы этникалық қырғыздардың жағдайына қатысты сұраққа Бішкек бұл жағдайды шешуде сақтық таныту керегін айтқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus