Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Назарбаев: Қазақстан тарихын жаңаша зерделеп, насихаттау керек

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы ретінде Қазақстан тарихын зерттеп, зерделеуге қатысты бірнеше жоба ұсынды. Бұл туралы қарашаның 21-і күні ресми баспасөзде жарияланған Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында айтылады.


Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихын "жаңаша көзқараспен зерттеу", "нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдау" қажетін айтады.


"Қазақстан тарихы жекелеген үзінділермен емес, қазіргі заман ғылымы тұрғысынан қарағанда тұтас, түсінікті болуы тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті" делінген мақалада.


Президент тарихи сананы жаңғырту жұмыстарын бірнеше жоба бойынша атқаруды ұсынады. Назарбаев бұл бағытта жеті жылдық "Архив-2025" бағдарламасын жасау, "Ұлы даланың ұлы есімдері" атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын, "Ұлы дала" деп аталатын ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу және Қазақстан фольклоры мен музыкасын зерттеу жобасы мен Қазақстан тарихын кино мен телевизияда насихаттау жобасын жүзеге асыру керек дейді.


Оқи отырыңыз: "Қоғамдық сананы жаңғыртуға" бөлінген миллиардтар


2017 жылы сәуірде Қазақстан президенті "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жариялаған. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы алты бағыттан тұрады – "Туған жер", Қазақтанның киелі жерлерінің географиясы, қазіргі қазақстандық мәдениет, 100 үздік оқулықты аудару, 100 жаңа тұлға және латын әліпбиіне көшу.


Бағдарламаны іске асыруға 2022 жылға дейін бюджеттен 54 миллиард теңге (160 миллион доллардан көп) қарастырылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus