Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ауғанстанда сайлау күні шабуылдардан 25 адам өлген

Ауғанстанда парламент сайлауы өткен қазанның 20-сы күні сайлау учаскелері мен үкімет күштеріне қарсы жасалған шабуылдар салдарынан кемінде 25 адам қаза тапқан. Бұл туралы Азаттықтың Ауған қызметі хабарлады.


Мемлекет астанасы Кабул қаласындағы сайлау учаскелерінде болған бірнеше жарылыстан кемінде үш адам өліп, 30-дан астамы жараланғаны туралы медициналық қызмет өкілдері хабарлады. Елдің орталығындағы Гор уәлаятында 11 полиция қызметкері қаза тапқан, солтүстіктегі Тәжікстанмен шекаралас Кундуз уәлаятында үш адам мерт болған.


Шабуылдарға қарамастан Ауғанстан президенті Ашраф Ғани «жас пен кәрі, ер мен әйел - барша ауғандықтарды» дауыс беру құқықтарын пайдалануға шақырды. Сайлаушы ретінде 9 миллион адам тіркелген, олар сайлауға түскен екі жарым мыңға жуық кандидаттың арасынан 249 адамды парламент мүшелігіне сайлайды. Үкіметке қарсы «Талибан» қозғалысы мен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының осы аймақта соғысып жүрген өкілдері тұрғындарды сайлауға бойкот жариялауға шақырған.




Ауғанстанда әу баста 2015 жылға жоспарланған бұл саяси шара сайлау реформасына байланысты айтыс-тартыс пен 2014 жылдың соңында НАТО күштері елдегі қауіпсіздік үшін жауапкершілікті ауған күштеріне өткізіп бергеннен кейінгі тұрақсыз жағдайға байланысты кейінге шегеріліп келген болатын.


Тәуелсіз сайлау комиссиясының хабарлауынша, кей сайлау учаскелерінде техникалық және ұйымдастыру проблемаларына байланысты қазанның 20-сы күні сайлаушылардың дауыс бере алмауына байланысты дауыс беру тағы бір күнге созылады. Сайлаудың алдын ала қорытындысы қарашада жарияланбақ деп хабарлады ВВС.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus