Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ Қытай қорғаныс министрлігіне қарсы санкция салды

АҚШ Қытай Қорғаныс министрлігінің Ресейден ұшақтар мен зымырандар сатып алуға жауапты құрылымына Мәскеумен әскери ынтымақтастық орнатуға салынған тыйымды бұзды деп санкция салды. Мәскеумен ынтымақтастыққа тыйым "Американың қарсыластарына санкция арқылы қарсы іс-қимыл жасау туралы" заңға сай салынған.


Санкцияға Ресейдің "Рособоронэкспорт" компаниясымен "ірі көлемде" келісім жасасқаны үшін Қытай қорғаныс министрлігінің ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік конструкторлық талдамаға басшылық жасайтын қару-жарақ бас басқармасы және оның басшысы Ли Шаньфу іліккен. Санкция Қытайдың былтыр Ресейден 10 Су-35 әскери ұшағын, ал биыл С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алғанына байланысты салынып отыр.


Жаңа санкцияға іліккендердің экспорттық лицензия алуға өтініш беруіне немесе америкалық қаржы мекемелерімен келісім жасасуына тыйым салынды.




"Пекинмен сауда-саттыққа қатысты кикілжіңге келіп қалғанымызға қарамастан, бұл санкцияда негізінен Қытай емес, Ресей нысанаға алынды" деді АҚШ билігінің өкілі.


Вашингтон Түркияға Ресейден С-400 зымыраннан қорғаныс кешенін сатып алу келісімінен бас тартқызу үшін үлкен қысым жасап отыр. АҚШ Қытайға санкция салу арқылы С-400 кешеніне қатысты өз ұстанымы берік екенін көрсеткісі келген болуы ықтимал.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus