Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қытай мен Ресей АҚШ-ты санкция салғаны үшін айыптады

Қытай АҚШ-ты Қорғаныс министрлігінің қару-жарақ бас басқармасы мен оның басшысына салған санкциясын жоюға шақырып, егер санкция алынбаса оның "кері салдары" болатынын ескертті.


АҚШ Мемлекеттік департаменті 20 қыркүйекте Қытай қорғаныс министрлігінің қару-жарақ бас басқармасына Ресейдің "Рособоронэкспорт" компаниясымен қару-жарақ сатып алу туралы "ірі көлемде" келісім жасасқаны үшін санкция салған. Санкция Қытайдың былтыр Ресейден 10 Су-35 әскери ұшағын, ал биыл С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алғанына байланысты,  "Американың қарсыластарына санкция арқылы қарсы іс-қимыл жасау туралы" заңға сай салынып отыр.


Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Вашингтонның шешімі "халықаралық қатынастардың негізгі ұстанымдарын бұзып, екіжақты қарым-қатынасқа елеулі нұқсан келтіретіні" айтылады.




Ресей Сыртқы істер министрлігі де бүгін АҚШ-тың Ресейдің 27 азаматы мен алты заңды тұлғасын "қара тізімге" енгізгеніне қатысты комментарий берді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Вашингтонның шешімін "бос әурешілік", Ресейді өз айтқанымен жүргізу және "отпен ойнау" деп атады. 


АҚШ Қаржы министрлігі 20 қыркүйекте ресейлік 33 жеке және заңды тұлғаны, оның ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясы мен "Оборонлогистика" компаниясын, Амурдағы Комсомольск қаласындағы ұшақ шығаратын зауытты және Ресей Бас штабы бас басқармасының бастығы мен әскери барлау қызметінің бірнеше ықтимал офицерін "қара тізімге" енгізген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus