Ресей Түркияға С-400 қаруын 2019 жылы жеткізбек
Бұл мәлімдеме Вашингтон мен Анкара арасының нашарлап кеткен сәтіне сәйкес келді.
АҚШ Түркияның Ресейден С-400 қаруын сатып алу әрекетіне алаңдайды. Америка "НАТО құрамына кіретін Түркия аумағында ресейлік қарудың кең тарауы Анкара қолданатын АҚШ-тың кейбір әскери қаруына, соның ішінде F-35 ұшағына қауіп төндіруі мүмкін" деп есептейді.
Бұған дейін АҚШ "Рособоронэкспорт" компаниясын "АҚШ-тың жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі заңнамасын бұзды" деп айыптап, санкция салған.