Құрбан айт мейрамы басталды
Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Президенттің құттықтау хабарламасы бүгін Ақорда сайтында жарияланды.
Жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталатын Құрбан айтта құрбан шалу – мұсылманға парыз саналады.
Айт мейрамы кезінде мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақын-туыстарының үйін аралайды. Осы күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.
Құрбан айт мейрамы Қазақстанда демалыс күні болып белгіленген.
Әлемде мұсылмандар Құрбан айт мейрамын үш күн бойы тойлайды.