Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сайрагүл Сауытбай: Қазақстанда кез-келген жазаға келісемін

Жаркенттегі Панфилов аудандық сотында Қытайдан Қазақстанға заңсыз өтіп кетті делінген Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару мәселесі бойынша сот процесі 12 шілдеде одан ары жалғасты. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, бүгінгі сотқа Алматыдағы Қытай консулдығының өкілдері де келді.


Бүгінгі сот отырысында әуелі прокурор Арзыгүл Имярова Сайрагүл Сауытбайға ресми айыптау актісін оқыды. Прокурордың сөзінше, Сайрагүл Сауытбай Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392 - бабы ("шекараны заңсыз бұзып өту") бойынша айыпты деп танылған.


Сот тергеуі кезінде Сайрагүл Сауытбай өзіне тағылған айыпты толық мойындайтынын айтты. Өзіне Қытайда саяси қысым жасалғандықтан шекарадан заңсыз өтуден өзге жол қалмағанын мәлімдеді. Сауытбайдың сөзінше, ол Қытайда құпия саналатын "саяси үйрену орталықтарында" жұмыс істеген, "мемлекет құпиясын әшкерелемеу" туралы қолхат берген.  


- Қазақстанда тиісті органдарға өз аяғыммен барамын деп ойлағам. Бірақ ауруханаға жапты. Одан шыққан күні ертеңіне алып кетті мені. Үйге келгеннен кейін телефонымды, Қорғас сауда орталығына кіруге болатын рұқсат қағазымды өртеп жібердім. Өйткені Қытай жағы телефон арқылы тауып алады деп ойладым. Мені Қазақстанда ұсталғанда хаттамаға қол қойдырды. Бірақ мен ол жазуды оқи алмаймын, - деді Сайрагүл Сауытбай.


Оқи отырыңыз: "Қазақстанға заңсыз өткен" Қытай қазағының соты басталды


Сайрагүл Сауытбай Қытайда өзін өлім жазасы күтіп тұрғанын, Қазақстанда кез-келген жазаға келісетінін айтты.


Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспанның Азаттық тілшісіне айтуынша, Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытай тарапы оны іздеуге берген соң ұстаған.


Ол Сайрагүл Қытайда қысымға ұшырағанын, Қазақстан Адам құқықтары туралы халықаралық пактіге Қазақстан қол қойғандықтан, оны осы елде қалдыруға мүмкіндік барын айтады.


Адвокаттың сөзінше, Қазақстан заңы бойынша, Сайрагүл Сауытбай кінәлі деп танылса, елден шығарылады.


Мамырдың ортасында Алматы облысының тұрғыны Уәли Сіләм әйелі Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті деген айыппен ұстап алып кеткенін хабарлаған.


Қытайдан "заңсыз өткен" Сайрагүл Сауытбайдың соты (9.07.2018)




Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus