Түркістан қаласының экс-прокуроры сотталды
Судьяның айтуынша, Махат Зұлпыхаров Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігімен ("пара алу") айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.
"Зұлпыхаровпен бірге "пара алу" және "қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері" бабымен айыпталған оның көмекшісі Бақыт Жүнісбеков ақталды" дейді судья.
Махат Зұлпыхаров былтыр 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынған.