Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркіменстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынды

Түркіменстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынды. Азаттықтың Түркімен редакциясының хабарлауынша, елдің Отбасы кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, оған президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойды.


Заңның жаңа мәтіні 19 маусымда мемлекеттік басылымдарда жарық көрген. Құжаттың 7-бабында "Түркіменстанда көп әйел алуға тыйым салынады" делініп, көп әйел алуды "ортақ шаруашылық енгізіп, екі не бірнеше әйелмен бірге тұру" деп түсіндірген.


Заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.


Түркіменстанда 2012 жылы қабылданған Отбасы кодексінде бастапқыда екінші некеге тыйым салынған. Енді "көп әйел алушылық" термині енгізілді.


Түркіменстанның Қылмыстық кодексінде екі некеге тұрғандарға екі жылға дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған. Бірақ жергілікті бақылаушылардың айтуынша, тыйымға қарамастан, елде 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап көп әйел алу кең тарала бастаған.




Ашғабадтық шолушы Аманмурад Бугаевтің пікірінше, көп әйел алу елдегі экономикалық проблемалар тереңдеп, халықтың көп бөлігі кедейшілікте өмір сүріп жатқан кезде таралып отыр. Сонымен қатар елдегі ауқатты адамдар үшін көп әйел алу әлеуметтік "мәртебе" бола бастаған.


Бұған дейін ел басшылығы көп әйел алуды заңдастыру мүмкіндігі барын білдірген. 1993 жылы Түркіменстанның алғашқы президенті Сапармұрат Ниязов ел тәуелсіздік алған соң  көп әйел алуды заңдастыруды ұсынған. Бірақ сол кезде ұсынысқа жергілікті интеллигенция өкілдері қарсы шыққан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus