Қазақстанда "Ұлттық домбыра күні" белгіленді
Жарлықта бұл күннің “қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында” аталып отыратыны жазылған. Жарлықтың орындалуын қадағалау міндеті президент әкімшілігіне жүктелген.
Қаулы жарық көрген күннен бастап күшіне енеді.