Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Министр Астананың 20 жылдығына бөлінген 19 млрд туралы айтты

Қазақстан билігі Астана қаласының 20 жылдығына жүз шара ұйымдастырмақ. Бұл туралы елдің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады. 


Астананың туған күнінде Voice of Astana (Астана дауысы) халықаралық эстрада әндері фестивалі, Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған ресейлік эстрада әншілерінің қатысуымен концерт, халықаралық симфониялық оркестрдің орындауында Карл Дженкинстің Shine Astana одасының тұсаукесері, Бейжің және Астана опера театрларының концерті өтеді. 


Осы аптада Қазақстан үкіметі Астананың 20 жылдығына 19 миллиард теңге бөлінетінін хабарлаған. Қазақстандықтар үкіметтің бұл шешіміне қарсы шыққан.


"Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Барлық ел халықты тарту үшін өнер арқылы өз жетістіктерін көрсетуі тиіс. Имидждік шаралар осы үшін ұйымдастырылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз барлық шараны ірі әлемдік театрлармен немесе концерттік ұйымдармен бірлесіп өткізіп жатырмыз. Бұл - қажет" деді министр.


Мұхамедиұлының айтуынша, Тбилиси мен Бакудегідей әлемдік жұлдыздарды Астанаға шақыру - шығын.


"Элтон Джон, Леди Гаганы шақырып, формула-1 шарысын өткізе алмаймыз. Жалғыз Элтон Джонның өзіне бөлінген бюджеттің жартысы кетер еді. Айтылған сынға келсек, біз жоспарланған іс-шаралар тізімін ертерек беруіміз керек еді. Қаржы министрлігі бізді толықтай қолдады, қаражат бюджетте қарастырылған. Біз мерекелік бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне барлық күшімізді саламыз" деді министр. 


Видео: "19 млрд теңгеге пайдасы жоқ той жасамақшы"




Қазақстанда Астана күні 6 шілдеде тойланады. 6 шілде - Қазақстан тәуелсіздік алғалы билікте отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың да туған күні. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus