Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қауіпсіздік кеңесінде ОҚО-дағы жағдай талқыланды

Астанада Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысындағы (ОҚО) «қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай» талқыланды деп хабарлады 21 ақпанда Ақорданың ресми сайты. Жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етті.


Ақорда таратқан ақпаратқа қарағанда, жиынға қатысқандар сонымен қатар 2017-2020 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселелерін де талқылады.


«Былтыр біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бағдарламалық құжатты қабылдадық. Ұлттық қауіпсіздік қорғаныс саласында немесе ішкі саясатта ғана емес, барлық салада, оның ішінде экономика мен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу салаларында да қамтамасыз етілуі тиіс» деген Назарбаев.


Қауіпсіздік кеңесінің жиынында сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында «жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды нығайту, апатты жағдайдағы мектептерді жөндеп, жаңа мектептер салу және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл» мәселелері де талқыланған.


Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі - ел тағдырына байланысты маңызды мәселелер шешілетін консультативті-кеңесші орган. Ол 1991 жылы Қазақ ССР президенті болып тұрған Назарбаевтың жарлығымен құрылған. 1993 жылы Қазақстан республикасының Қауіпсіздік кеңесі болып қайта құрылған. Қауіпсіздік кеңесі жұмысын реттейтін жеке заң жоқ, бұл орган президенттің 1999 жылғы 20 наурыздағы жарлығымен бекітілген ережелер негізінде жұмыс істейді.


Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару заңы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus