Ресей Қырымға тағы бір С-400 кешені дивизионын орналастырды
Сәрсенбіде Севастопольден сайланған депутат Дмитрий Белик Мемлекеттік дума отырысында түбектің әуе шабуылына қарсы қорғанысын күшейту "украиналық зымыран қаруын жасаушыларға ескерту" деп мәлімдеген.
Бұдан тура бір жыл бұрын да Ресей аннексиялап алған түбектегі Феодосия ауданына С-400 кешендерін орналастырған болатын.
Ресейдің Қырымды аннексиялап алған 2014 жылдың наурызынан кейін түбектегі қарулы күштерін нығайтуын Киев бұған дейін бірнеше рет агрессиялық акт деп атаған. Қырымда Ресейдің әскери жаттығулар өткізуіне байланысты Батыс елдері де алаңдаушылық білдірген.