Ресейде зейнет жасын ұлғайтуға қарсы акциялар өтті

Ресейде футболдан әлем чемпионатының өтуіне байланысты жаппай акия өткізудің ерекше режимі енгізілмеген үлкен қалаларында жексенбі күні елде азаматтардың зейнетке шығу жасын ұлғайтуды көздейтін реформаға қарсылық шаралары өтті.


Қарсылық акцияларының көбін оппозиционер Алексей Навальныйдың аймақтардағы штабтары ұйымдастырған. Навальныйдың өзі бұл шараларға қатыспайды. Оппозиционер бұған дейін соңынан аңдып жүргендерді байқағанын және өзін тағы ұстайды деп қауіптенгендіктен демалыс күндері басқа жақта өткізуді шешкенін хабарлаған. Сонымен бірге Ресей комминустік партиясы, ЛДПР, "Справедливая Россия", "Яблоко" партияларының өкілдері де наразылық шерулерін өткізді.


Липецк, Белгород, Краснодар, Хабаровск, Мурманск, Комсомольск-на-Амуре және Ставрополь билік орындары шеру өткізетін балама алаңдар ұсынып, ол жерлерде акцияны өткізуге рұқсат берген.


Биробиджан қаласында Ленин атындағы алаңға жүздеген адам жиналып, "әлеуметтік геноциді тоқтатуды" талап еткен. Белсенділер: "Аш зейнеткер – мемлекетке масқара", "Зейнеткерлік реформа – халықтың жаны мен жүрегіне оқ ату", "Отын бағасын көтеріп тонауға жол бермейік", "Медведевтің адамжегіш зейнеткерлік реформасына жол жоқ", "Мемлекетке көмегің тисін – зейнет жасына жетпей өліп қал" деген жазулар ұстап шыққан.




Маусым айында Ресей үкіметі парламентке елде әйелдердің зейнетке шығу жасын 55 жылдан 63 жылға дейін көтеруді, ерлердікін 60-тан 65 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынатын заң жобасын енгізген. Заң жобасының бірінші оқылымы шілденің 19-ында өтуі ықтимал.


Бірқатар социологиялық қызметтер президент Владимир Путиннің рейтингі күрт төмендеп кеткенін тіркеген. Мәселен, "Общественное мнение" қорының мәліметінше, маусымның 10-ы мен 17-і аралығындағы бір аптаның ішінде Путиннің рейтингісі 62 пайыздан 54 пайызға дейін түсіп кеткен. Бұл 2013 жылдан бері өткен уақыт ішіндегі ең төмен рейтинг. Кремль өкілдері президент Путин рейтингісінің құбылуына мән бермейтінін айтып, "ол үшін адамдардың мүддесі бәрінен биік" деп мәлімдеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Белгороде

Ria.city
Музыкальные новости
Новости Белгорода
Экология в Белгородской области
Спорт в Белгородской области
Moscow.media










Топ новостей на этот час в Белгороде и Белгородской области

Rss.plus