Ресейдегі жол апатынан үш қазақстандық зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Волгоград облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның үш азаматы зардап шекті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.