Димаш Құдайбергенді Сочи әуежайында ерекше күтіп алды
![Димаш Құдайбергенді Сочи әуежайында ерекше күтіп алды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_326142/thumb_b/photo_85878.jpeg)
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочиге ұшып барды. Оны бір топ жанкүйері әуежайда ерекше қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Димаш келгенде Адлер әуежайын барабан дыбысы мен қоңырау үні алып кетті. Жанкүйер қолындағы ерекше аспаптар үйлесімділік тауып, ұмытылмас әуенмен әсер қалдырған.
Димаш жанкүйерінен ерекше аспаптардың атауын сұрады. Сондай-ақ, ол көптен күткен кездесуде қуанышын бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от dimash.sochi.dears (@dimash.sochi.dears)
Димаш Құдайберген Сочиде жыл сайын өтетін "Жаңа толқын" халықаралық байқауына ұшып барған. Онда ол алғаш рет қазылар алқасының мүшесі болады. Сонымен қатар, ол жаңа концерттік бағдарламаны ұсынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от dimash.sochi.dears (@dimash.sochi.dears)
Айта кетейік, Қазақстан атынан 2021 жылы "Жаңа толқында" классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы бірінші вокалдық топ - Mezzo тобы өнер көрсетеді. Бұл классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын музыкалық стиль.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!