Добавить новость

какие девочнки бабы старые казлами

Минэнерго поручило Системному оператору оценить риски веерных отключений электроэнергии в России

Мать фигуранта дела «Крокуса» заявила, что полгода его не видела

«Слишком поздно»: Трамп высказался о новых дебатах с Харрис



Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Сингапурдағы бизнес форумда не айтты?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан Сингапур стиліндегі экономикалық реформалар жүргізетін, мол мүмкіндіктер ұсынатын және экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел екенін айтты.

"Елімізде еркін нарықты дамытуға, инновацияны ынталандыруға және білімге негізделген экономикаға көшуге бағытталған ауқымды реформалар басталды. Бұл реформалар ең жоғары халықаралық стандарттарға, соның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сай келеді. Жақында мен ұлттық экономиканы айтарлықтай ырықтандыруға негіз қалайтын маңызды Жарлыққа қол қойдым. Қазақстан аймақтағы инвестиция тартатын негізгі орталық болып қалуы үшін жаңа инвестициялық циклды іске қостық. Стратегиялық мақсатымыз – 2029 жылға қарай шетелден 150 миллиард доллар тікелей инвестиция тарту. Біз инвесторларға кешенді мемлекеттік қолдау көрсету және шұғыл шешім қабылдау қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Осы мақсатта стратегиялық, инвестициялық жобаларға жетекшілік ететін құзыреті жоғары Инвестициялық кеңес құрдық", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сингапур географиялық жағынан алшақ орналасқанына қарамастан, саяси және экономикалық тұрғыда сенімді серіктес елдер екеніне әрі солай болып қала беретініне назар аударды.

"Біз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші серіктесіміз – Сингапурмен берік қатынастарды жоғары бағалаймыз. Былтыр екіжақты сауда көлемі 1,8 миллиард долларды құрады. Сингапурдың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Таяу жылдары бұл көрсеткіш еселене түседі деп санаймыз. Осы орайда екіжақты серіктестікті дамыту үшін берік құқықтық негіздің болуы аса маңызды. Біз Инвестицияны көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификацияладық. Бұл құжат инвестициялардың жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағытын айқындап берді. Президент қаланы дамыту секторын бірінші бағыт ретінде атады. Сондай-ақ Қазақстанда мүлде жаңа әрі интеграцияланған мегаполис салу бастамасын өте маңызды жоба деп санайды.

"Бұл жоба болашақта "Орталық Азиядағы Сингапурға" әрі халықаралық жетекші бизнес-хабқа айналуды көздейді. Осы мақсатқа бөлінген мың шаршы километрге жуық аумақ Арнайы экономикалық аймақ режимінде дамиды. Сингапурлық Surbana Jurong компаниясы аталған жобаның кешенді жоспарын әзірлегенін ерекше атап өткім келеді. Форум аяқталған соң, барлық мүдделі тараппен осы мәселені талқыламақпын. Сингапур бизнесі келешегі зор бұл бастамаға белсенді атсалысады деп үміттенемін", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сингапурға аса маңызды шикізат пен табиғи ресурстарды жеткізуге дайын екенін айтты.

"2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныс төрт есе артатынын ескере отырып, шамамен барланбаған 5000 кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады. Біз Қазақстандағы мыс және фосфат кен орындарын барлауға қызығушылық танытып отырған Indorama компаниясымен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға үлкен үміт артамыз", – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздің жаңартылатын энергия саласындағы зор әлеуетіне қызығушылық артып келе жатқанын атап өтіп, Сингапур компанияларын экологиялық таза энергия өндіру, аталған салада технология және тәжірибе алмасу үшін серіктестікті кеңейтуге шақырды.

"Сингапур қоқыс жағу арқылы қуат өндіретін озық қондырғыларымен және қалдықтарды басқару жөніндегі инновациялық технологияларымен танымал. Бізді қалдықтарды реттеудің осы инновациялық тәсілі қызықтырады әрі аталған саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, географиялық алшақтық пен байланыстың нашарлығы ұзақ жылдар бойы екі мемлекеттің экономикалық ықпалдастығын тежеп келді. Бүгінде жаһандану мен дамыған инфрақұрылымның арқасында елдер арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев отандық "Қазақстан темір жолы" компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының немесе "Орта дәліздің" әлеуетін пайдалануға бағытталған синергиялық серіктестікті мысалға келтірді.

"Аталған бағыт Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықты мүлдем жаңа деңгейге шығара алады. Бұл – Орталық және Шығыс Азиядан Еуропаға шығатын ең төте әрі орнықты жол. Сингапур компаниялары мен қаржы институттары бұл саладағы бизнес пен инвестицияның мүмкіндіктерін зерттеп, айтарлықтай пайдаға кенеле алады деп санаймыз. Вьетнамдық SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жекешелендіруін құптаймын. Бұл Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынастарын жандандыруға мүмкіндік береді", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор екеніне назар аударды. Сингапур компанияларына бірлескен агроинновациялық орталықтар құру, дәлдігі жоғары егіншілік және су ресурстарын барынша тиімді пайдалану бағыттарында бірлесе жұмыс істеу ұсынылды.
Президент биотехнология және медицина салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар деп санайды.

"Біздің елдің фармацевтика саласы – өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Pfizer, Roche, GE Healthcare және Philips секілді әлемдік жетекші компаниялар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жергілікті өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Біз бірлескен зерттеулерді, сондай-ақ дәрілер мен биопрепараттар өндірісін қаржыландыру үшін "Бәйтерек" ұлттық холдингі мен Forebright компаниясының инвестициялық қор құру жоспарын құптаймыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президент цифрлық секторды өнімділік пен экономикалық өсімнің артуына әсер ететін тағы бір перспективті бағыт ретінде атады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Сингапур сияқты Еуразия құрлығында жетекші технологиялық және IT-хабқа айналуды көздейді. Нақтырақ айтқанда, еліміз жаңа әрі кешенді IT-жобалар, әсіресе жасанды интеллект саласында маңызды бастамалар жасау үшін R&D жобалар, стартаптар, білім секілді түрлі бағыт бойынша ауқымды ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестиция тарту ісіндегі артықшылықтарына назар аударды.

"Бүгінде АХҚО алаңында әлемнің 80 елінің екі мыңнан астам компаниясы жұмыс істейді. Олар Қазақстанға және бүкіл өңірге инвестиция тартуға ықпал етеді. Сингапурдың 30-дан астам компаниясы АХҚО-ның резиденті саналады. Келешекте олардың саны арта түседі деп сенемін. Қаржы орталығы Сингапурдың Ақша-кредит басқармасымен қаржы технологиясы, "жасыл қаржы" және ислам банкингі салаларындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту үшін тығыз қарым-қатынас орнатқан. АХҚО-да Қазақстан-Сингапур тікелей инвестиция тарту қорының құрылуы екі елдегі бірлескен кәсіпорындарды қаржыландыру үшін оңтайлы алаң бола алады", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Посольство: эксгумация Эстонией останков советских воинов является вандализмом

Московская «Пизанская башня»: безумный эксперимент с домом-метро на площади Красных Ворот

Пожидаева одинока, Сандрацкая ушла в семью, а Волков критикует ТВ. Пропавшие с экрана звезды «Обручального кольца»

В женщинах — душа страны: Петербург принял Евразийский женский форум

Музыкальные новости

Comedy Club вернулся с 20-м сезоном после шутки о закрытии

В Республике Таджикистан стартует проект «Русский язык: читаем, слушаем, смотрим в странах СНГ»

«Армейцы» с хорошим настроением едут в Казань». Прогноз Эдуарда Мора на матч Рубин — ЦСКА

Росгвардия обеспечила правопорядок на футбольном матче «ЦСКА» - «Краснодар» в Москве

Новости России

Монтес: Аргентина отрезала себя от 80 процентов мира отказом вступить в БРИКС

Сплошная химия, а не соль: Роскачество назвало пять марок поваренной соли, которые не нужно покупать

Аналитик Монтес указал на изоляцию Аргентины от 80% мира без вступления в БРИКС

В Чувашии в "Кроссе наций - 2024" приняли участие несколько десятков тысяч человек

Экология в России и мире

Сольный концерт Mayot при поддержке Like FM

Пластический хирург Александр Вдовин: мифы вокруг операции по удалению комков Биша

Свыше трёх тысяч зависимых в Свердловской области уже приняли решение избавиться от смертельной привычки

Сырые и опасные. Какие продукты могут заразить вас паразитами

Спорт в России и мире

Теннисистка Касаткина прошла в полуфинал турнира WTA в Сеуле

Россиянин Алибек Качмазов вышел в основную сетку турнира ATP-250 в Чэнду

Марии Шараповой завидуют все русские женщины. И вот почему

51 год назад прошла «Битва полов» между Билли Джин Кинг и Бобби Риггсом

Moscow.media

Axenix будет автоматизировать управление производством с помощью решения Exeplant

Две структуры мэрии Екатеринбурга оказались в списке злостных неплательщиков за тепло

Загоралось утро....

Можно ли стирать шторы: возможные риски











Топ новостей на этот час

Rss.plus






День начала Русского государства!

На МКАД произошло ДТП с участием двух грузовиков

Мать фигуранта дела «Крокуса» заявила, что полгода его не видела

Россия призывает к оценке эксгумации останков солдат в Эстонии