Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты. Оған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және ол жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша қатаң мекемеде өтейді. Бұл қандай колония және мұндай жерде кімдер жазасын өтейді? Бұл жайлы Massaget.kz тілшісі заңгерлермен сөйлесті.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Заңгер Думан Көпбаевтың айтуынша, сотталушы қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде мына жағдайларда жазасын өтейді:
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген, бас бостандығынан тағы да айыруға сотталған адамдар өтейді;
Бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген (бұрын сотталған), айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығынан шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар өтейді;
Бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, бірақ бүгін пара алу, пара беру, парадағы делдалдық қылмыстарын жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар өтейді.
Заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы Қазақстандағы колониялардың түрлеріне тоқталып, олардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіріп берді.
"Қоныс колониясы деген бар. Ол қауіпсіздігі ең жеңіл дәрежедегі мекеме, ол жатақханаға ұқсайды: сотталушылар таңертеңнен кешке дейін жұмысқа барып келеді. Ал кешкісін белгіленіп, сол жақта қону керек. Содан соң жалпы режимдегі колония бар. Жаңадан қылмыс жасағандар жалпы режимге кетеді. Бұл жерге орта деңгейдегі және ауыр санаттағы қылмыстармен жазасын өтейді. Бұл жерде Қылмыстық кодекстің 73-бабына сәйкес 1/3 бөлігін өтесе, мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік болады. Мысалы, сотталушыға 9 жыл берсе, оның тәрбиесі мен іс-әрекетіне, өзін жақсы қырынан көрсетуіне қарай, ол 3 жыл жазасын өтеп, мерзімінен бұрын шығып кете алады. Яғни, ол пробацияға тіркеліп, үйге шыға алады", - дейді Мұхамедияр Нұрғалиұлы.
Заңгер қатаң режимді колонияда мерзімінен бұрын шығуға өтініш жазу үшін сотталушы жазаның міндетті түрде 2/3 бөлігін өтеу керегін ескертті.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.