Әлеуметтану мемлекет дамуы үшін өте маңызды ғылым саласы
Кез-келген ғылымның негізгі мақсаты табиғаттағы құбылыстардың, заңдылықтардың мәнін түсініуге жұмыс жасау екені белгілі. Адамзат ғылымды – әлеуметтік прогресстің қуатты қозғалтқышы деп санап, ғылымға айрықша көзқараспен қарайды. Адамзат дамуында ғылыми ашылулар маңызды рөл атқарып, әлемді жаңартып, алдыға жылжытып отырды. XIX ғасырда француз философы Огюст Конт қоғамдық ғылымдардан әлеуметтану ғылымын бөліп, жаратылыстану ғылымдарының әдістеріне ұқсас әдістерді қолдана отырып қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді ұсынды және әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін өзіндік әдістемесі бар жаңа ғылымды қалыптастырды.
Бұл ғылым саласының қоғамдағы шиеленіс көздерін анықтауда, жанжалдардың алдын алуда және әлеуметтік-мәдени өзгерістерді бақылауда өз артықшылықтары бар. Әлеуметтанулық сараптамалар әлеуметтік құрылымдарға,...