Самсун қаласына ұшақ қонды. Ескендір жалғыз сөмкесін асына, уатсаптан үй адресі жолданған хабарламаға зер салып, аялдамаға қарай аяңдады. Күздің қара суығы өне-бойын шымшылап, жайсыз күйге түсірді. Былғары күпісінің жағасын көтеріп, барынша қорғанғанымен суық ызғар суық жыландай мойнына жорғалап барып, арқа-жонын аралап шықты. Автобус та көп күттірмеді. Жазғы кеш, Нұрбек Нұржанұлы
Самсун қаласына ұшақ қонды. Ескендір жалғыз сөмкесін асына, уатсаптан үй адресі жолданған хабарламаға зер салып, аялдамаға қарай аяңдады. Күздің қара суығы өне-бойын шымшылап, жайсыз күйге түсірді. Былғары күпісінің жағасын көтеріп, барынша қорғанғанымен суық ызғар суық жыландай мойнына жорғалап барып, арқа-жонын аралап шықты. Автобус та көп күттірмеді.
Түркияға жұмысқа келген Ескендір, бүгінде, Анталия қаласындағы 3 жұлдызды қонақ үйдің уақытша әкімгері боп қызметке орналасқан. Өзінің жеткіншек шақтағы жақын бір танысы осы елде докторлық оқып жатқанын естіп, хат алмасып, хабар-ошар біліскен соң жүздесуді ұйғарады. Елдерінде көріссе амандасулары екіталай жандар, міне, жат елде бас қоспақшы. «Роза», иә, осы есімді атаған сайын оның көз алдына...