Тентек еді. Нұрбек Нұржанұлы 105-ші автобус. Іші у—шу, адамдар. Терезеден алысқа қараған сәби қиялдар, тым алысқа қараған сағыныштар. Жастардың қолында айфон, құлағында құлаққап. Бірі түнгі клубта жүргендей аяқ қолы дір-дір етеді. Айналасында жұрт болмаса жынданып кететін секілді. Бірінің жанарында сағыныш, бірінде өкініш, ән түбіне сіңіп кетіп барады.
105-ші автобус. Іші у—шу, адамдар. Терезеден алысқа қараған сәби қиялдар, тым алысқа қараған сағыныштар. Жастардың қолында айфон, құлағында құлаққап. Бірі түнгі клубта жүргендей аяқ қолы дір-дір етеді. Айналасында жұрт болмаса жынданып кететін секілді. Бірінің жанарында сағыныш, бірінде өкініш, ән түбіне сіңіп кетіп барады. Бір уақытта ақжаулықты ананың ұрысқан үні естілді. — Әй, бала, тұр, бол тез, қазіргі жастарда ұят, иман деген жоқ. Бедірейіп отырысын қарашы. Тұр былай! — деп, баж ете қалды. Әлгі жігіт қиналып, созылып әрең тұрды. Өз анасындай адамды сыйламаған кім болды екен деген оймен бұрылып қарадым. Қарасам, мүмкін емес, өз көзіме өзім сенер емеспін. Таныс маңлай, таныс...