Іңкәрдің қолына телефон тисе, оны алу қиын. Алғашында әке-шешесі қонақ барда жыламасын деп бере салыпты. Сол бойы үйреніп, әдеттеніп алған. Енді қойдыра алмай әлек. Нұрбек Нұржанұлы, Телефон жұтқан қыз, ертегі, балаларға ертегі, ертегілер әлемі
Іңкәрдің қолына телефон тисе, оны алу қиын. Алғашында әке-шешесі қонақ барда жыламасын деп бере салыпты. Сол бойы үйреніп, әдеттеніп алған. Енді қойдыра алмай әлек.
Анасы бірде әпкесі Інжуді көмекке шақырды. Ол күндіз сыртқа шығып, сырғанақ теуіп ойнайтын.
— Сіңліңді бір уақ қасыңа шақырсаңшы, — деді оған өтініш жасап.
Сыртқа шыққан Інжу:
— Іңкәр, бері кел, далада ойнаймыз, — деді оны шақырып.
Бірақ Іңкәр тырс етпеді. Телефон ойнап отыра берді. Аздан соң ол анасының қасына келді.
— Анашым, маған Маша қойып берші, Настя көрем, — деді қыңқылдап.
Тым болмаса қазақша көрсін деп, анасы қазақша мультфильм қойып берді.
— Жоқ. Ол...