Заманауи салт-дәстүрді көрсететін, мектеп сахнасына арналған комедиялық қойылым.
"Халал той - Ақиқа" (комедиялық қойылым)
(Сахнада үлкендеу ойыншық бесікке, қуыршақты бөлеп, бесік тербете әндетіп жас келіншектің киімін киген қыз отырады.)
Т. Әсия:
Блогер болып тудың ба?
Логист болар ұлсың ба?
Бизнес жолын таңдайтын,
Инфо-кәсіпкерсің ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Білім ізден бір тынба!
Қуанышым арай күн,
Мәз боп саған қараймын!
Мен өзіңді болашақ,
Миллиардер деп санаймын!
(Осы кезде сахнаға келіншектің қайын әпкесі жүгіріп шығады)
К. Мариям:
- Ойбу, Әсия! Неғып отырсың балаңды тербетіп?! Құдашалар келді! Тез алдарынан шығайық?!
(Бесікті алып Әсия сахнадан жүгіріп шығып кетеді. "Құдалар" әні қосылып, екі асаба қыз сахнаға шығады. Артынан топырлап...