Баланың жасына қарай қандай ойыншық таңдау керек? 3-5 жастағы балаларға арналған ойыншықтар 1 жасқа дейінгі ұсынылған ойыншықтар: 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар 3-5 жастағы балаларға арналған ойыншықтар
«БОТО «Еркем-Ай Алматы» ЖШС
ҒӘЖ директордың орынбасары: Ошақпаева Сағыныш Қонысқызы
Жоғары санатты педагог: Илиясова Гульбадям Абдикеримовна
Ойын – бұл балалар үшін қарым-қатынас, тәрбиелеу мен оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау әрекеті болып табылады [1; 45]. Ойын процесінде үлкендерге еліктеу, қатарластармен мәмлеге келу, тіл табысу арқылы бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады. Қандай да бір ойынның мән-мағынасын ашатын, сол ойынды жандандыратын құрал-ол ойыншықтар болып табылады.
Бұл сұрақтың кейбір аспектілері келесі зерттеулерде көрсетілген:
– балалар ойынының психологиялық ерекшеліктері (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, А.В.Запорожец, П.Я.Голперин және т.б.);
– ойынның даму кезеңдері (Р.Я.Лехтман-Абрамович, Ф.И.Фрадкин, Ж.Пиаже, А.Валлон және т.б.);
– балалар ойыншықтарының типологиясы мен жіктелуі (Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Е.А.Флерина, Д.В.Менджерицкая,...