грузин ертегісі, Әлем халықтарының ертегісінен, Мысық пен жолбарыс, ертегі, Ауылдың сыртында бір шаруа жер жыртып жүреді. Қара жұмысқа жегілетін үй жануарларымен қоса мысық та осында келеді. Жұмыс енді қызып жатқан шақта ол орман шетінде шегіртке мен көбелек қуып, қызыққа батады. Сол сәтте орман маңынан бір жолбарыс өтіп бара жатады. Ол мысықты көріп таңғалып:
Ауылдың сыртында бір шаруа жер жыртып жүреді. Қара жұмысқа жегілетін үй жануарларымен қоса мысық та осында келеді. Жұмыс енді қызып жатқан шақта ол орман шетінде шегіртке мен көбелек қуып, қызыққа батады. Сол сәтте орман маңынан бір жолбарыс өтіп бара жатады. Ол мысықты көріп таңғалып:
— Бауырым, сен біздің тұқымнансың-ау деймін, бірақ сен неге мұнша кішкентайсың? — деп сұрайды.
Қу мысық қайғы-қасірет шеккен мүсәпір бола қалып:
— Еһ, ұлы мәртебелі аңдардың патшасы, адамдармен бірге тұрудың қандай ауыр екенін білсеңіз ғой! — дейді.
— Саған қысым көрсетуге кімнің қандай қақысы бар? Көрсетші маған сол адамды, мен оның сазайын тартқызайын, — дейді жолбарыс....