Роботтар отбасы, Ділдар Мамырбаева «Құдай көз жасын қабыл алып, ағашқа жан бітіріп, бір сұлу қызға айналдырыпты. Сұлулығы сондай, бетіне қарасаң көзіңнің нұры таяды екен»... Әжесі айтқан көп ертегінің ішінен осы құлағына сіңіп қалыпты. Молда, ұста, тігінші туралы ғой. Ұста ағаштан адамның денесін айнытпай жасап шығарды, тігінші әдемі киім кигізді.
«Құдай көз жасын қабыл алып, ағашқа жан бітіріп, бір сұлу қызға айналдырыпты. Сұлулығы сондай, бетіне қарасаң көзіңнің нұры таяды екен»... Әжесі айтқан көп ертегінің ішінен осы құлағына сіңіп қалыпты. Молда, ұста, тігінші туралы ғой. Ұста ағаштан адамның денесін айнытпай жасап шығарды, тігінші әдемі киім кигізді. Оны жаны жоқ демесең, адамнан айнымай қалады. Молда: «енді осы ағашқа жан бітірсең екен» деп Құдайға жалбарынатын ертегі ше... Мұндайда Темірлан әке-шешем қайтып тіріліп келсе ғой деп армандайтын. Сөйлесетін, сырласатын, мұңын айтатын, аяулы бейнелерді көз алдында ұзақ ұстап тұрғысы келіп тағы сөйлей бергенде ауаға сіңіп, белгісіз жаққа жұтылып, тұман ішінде болғандай ғайып болып кететін. Тоқташы,...