Ақторғын ертегісі, бұғы, құмырсқа Ертеде бір қарт аңшы мен мейірбан әже өмір сүріпті. Олардың ай десе аузы, күн десе көзі бар Ақторғын атты қызы бар екен. Табиғат аясында өскен қыз бойына тазалықты, сұлулықты сіңіріпті. Қарт мерген жалғыз қызын батырлыққа, мергендікке үйретеді. Күндердің бірінде аңшы қызын ертіп аңға шығады. Бір жерге келгенде алтын мүйізі нұр шашқан бұғыны көреді. Бұғы қаша жөнеледі. Тәжірибелі қарт садақпен атып қалады.
Ертеде бір қарт аңшы мен мейірбан әже өмір сүріпті. Олардың ай десе аузы, күн десе көзі бар Ақторғын атты қызы бар екен. Табиғат аясында өскен қыз бойына тазалықты, сұлулықты сіңіріпті. Қарт мерген жалғыз қызын батырлыққа, мергендікке үйретеді. Күндердің бірінде аңшы қызын ертіп аңға шығады. Бір жерге келгенде алтын мүйізі нұр шашқан бұғыны көреді. Бұғы қаша жөнеледі. Тәжірибелі қарт садақпен атып қалады. Жебе оң жамбасына тиіп, бұғы құлайды. Қасына жеткенде жанары жәудіреген бұғыны көрген Ақторғынның жаны ашып, әкесінен оған тиіспеуін сұрайды. Қызының тілегін жерге тастай алмаған әке жаралы бұғыны үйіне әкеліп, жарасын таңып, күтімге алады. Сөйтіп жүрген күндердің бірінде бұғыға тіл...