«Қазақ Ұлттық университетінің жетістіктері, Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы және Исламтану мамандығы жайлы сөз қозғалады. Мамандық жайлы да бір-екі ауыз сөз тілге тиек еттік”
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Менің жүрегім қалап таңдаған мамандығым ол - Исламтанушы болу. Мен бұл мамандықтан өзімнің жарқын болашағымды көрген соң Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіндегі Исламтану мамандығын таңдадым.
Исламтану мамандығы туралы қысқаша айта кетсем. Мамандығымыздың басты мақсаты- дін саласында сауатты, тереңінен ойлап, түйінді ой шығара...