Ана қадірін ұғындыратын шағын қойылым
Анаң ауырса..
(Көрініс)
(Сахнаға жұмыстан келген анасы шығып, қыздарымен амандасады. Анасымен шұрқырай амандасқан қыздары, қайта улап-шулап, таласып, айғай-шумен ойнап кетеді. Киімін жылдам ауыстырған анасы, біресе тамақ жасап, біресе үйдегі шашылған заттарды жинап, біресе ыдыс жуып сәнсіреп кетеді.)
Анасы:
— Айжан, Айман, Шолпан! Қане, жылдам маған көмектесеміз?! Менің он қолым жоқ. Есесіне үш қызым бар. Неге маған жандарың ашымайды?
Айжан:
— Анашым, менде ертең тжб. Тестке дайындалуым керек! Айман мен Шолпанға айтыңызшы..! Менің міндетім...