Оразаға ниет. Ауыз бекіту дұғасы. Оразада ауызды немен ашу керек?
Йа Раббым, Рамазан айының шапағатын бізге нәсіп ет! Рамазан шәрифте кешірім мен мағфирет етіп тозақтан азат еткен құлдарыңның арасында біздің де болуымызды нәсіп ет!
Оразаның парыздары
Оразаның үш парызы бар:
1- Ниет ету.
2- Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.
3- Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.
Оразаға ниет
Бір күн бұрынғы «ақшам» уақытынан, яғни күн батқаннан ертеңіне ораза күнінің «дахуа» (бесіннен бір сағаттай бұрын) уақытына дейін Рамазан оразасына жүрекпен ниет ету парыз.
Рамазанда оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «ертең ораза тұтуға», имсактан кейін «бүгін ораза тұтуға» деп айтылады. («Имсак» – ауыз...