Кімдер ораза тұтпайды? Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар: Рамазан айы, ораза, ауыз бекіту
Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар:
1) Ауру: ауруға шалдыққан немесе ораза тұтқанда ауруы асқынатын кісі ораза тұтпайды. тұтқан болса, аша алады. Ауруға қарайтын кісі де ауру үкіміне жатады, яғни ауруға қарауда қиналатын болса, тұтпауға болады.
2) Сафарилік: 104 км алысқа сапар шеккен кісі 15 күннен аз қалатын жерінде сафари (жолаушы) үкімінде болады. Жолда қиындық туындаса, жұмысына кедергі болса немесе қазаға қалатындай бір жағдайға тап болса, оразасын қазаға қалдыру жаиз болады. Хадис шәрифте: «Сапарда қиындық туғанда ораза ұстау дұрыс емес» делінді. (Бұхари)
3) Екі қабат және омырауда баласы болу: Өзіне не баласына бір зияны тиетін болса, екі қабат және емізулі баласы...