Көптеген киноларда немесе суреттерде қасқырлардың айға қарап ұлып тұрғанын көреміз. Мұның сыры неде?
Шын мәнінде қасқырлар жай ғана ұлымайды. Себебі бар. Осыған сәйкес, ұлу олардың қатынас құралдары десек те болады. Сол арқылы бір-бірімен әртүрлі «ақпарат» алмасып отырады. Қасқырлардың үйірі жемтік іздеуге шыққанда, олар ұлып, бір-бірін шақырады екен. Қарсыластарына шекараның бос еместігі туралы ақпарат беретін көрінеді. Бір тыңдаған да бізге олардың ұлуы бір сарынды болып көрінетін секілді. Бірақ, шын мәнінде дыбысы, ұзақтығы, тембрі әр түрлі болады. Олар әсіресе айлы түні жиірек ұлып дауыс шығару мүмкін. Және сол түні ұлуға әуес болады екен. Әсіресе, ай толған кезде орман іші жарық түнге айналады. ...