Қасқырдың қастығы мен достығы (жапон аңызы) Минабэ мен Акитаның ортасында шағын ауыл бар. Бұл ерте кезден таудың аң-құсын атуды кәсiп еткен аңшылардың ауылы едi. Бiрақ, таудан түскен жолаушыны қондырмайтын пейiлi тар тұрғындар көп едi бұл ауылда.
(жапон аңызы)
Минабэ мен Акитаның ортасында шағын ауыл бар. Бұл ерте кезден таудың аң-құсын атуды кәсiп еткен аңшылардың ауылы едi. Бiрақ, таудан түскен жолаушыны қондырмайтын пейiлi тар тұрғындар көп едi бұл ауылда.
Бiрде таң ата жауған қардың аяғы боранға ұласқан қыстың бiр кешiнде осы ауылға қызын ерткен джюкурэй (Құдайға құлшылық етушi, дiн жолындағы адам) бiр әйел келедi. Әр үйдiң есiгiн қағып, боранды түнде түнеп шығуды өтiнсе де, қатыгез аңшылар мiз бақпайды. «Ең болмаса балама пана болар қуыс бар ма?» деп жалына үн қатқан анаға ешкiм назар салмапты. Суықтан қалтырап, дiрдектеген екеуi омбы қарда сүрiне-қабына ауыл шетiне жетiп, соңғы үйдiң есiгiн...