Башқұрт ертегісі, әлем халықтарының ертегілері, Аю мен бал арасы Баяғы өткен заманда бір маймақ аю өмір сүріпті. Ол аюдың түлкінің құйрығы сияқты үлпілдеген ұзын құйрығы болыпты. Аю балды өте жақсы көріпті. Оның бал жемеген бірде-бір күні болмапты.
(Башқұрт ертегісі)
Баяғы өткен заманда бір маймақ аю өмір сүріпті. Ол аюдың түлкінің құйрығы сияқты үлпілдеген ұзын құйрығы болыпты. Аю балды өте жақсы көріпті. Оның бал жемеген бірде-бір күні болмапты. Сондықтан, оның күндіз-түні балды қайдан табудан басқа ойы болмапты. Ол аралар үймелеп жатқан ағаш қуысын көрсе, қуаныштан жүрегі жарылыпты. Аю осы ағаштың үстіне шығып, аралардың үйін бұзып, олардың жинаған балын жейді екен. Бейшара аралар өз үйлері мен балдарын қанша қорғағысы келгенмен, аюға шамалары жетпейді. Оның терісі қалың, жүні ұзын ғой. Ал араның тілі өте қысқа еді. Аюды шақпақ болып, жүніннің арасына кірген аралар оның жүніне шырмалатын. Аюға да керегі сол,...