Бар адамзатқа ортақ үлес, О. Генридің новелласы Терезеден тез кіріп алған тонаушы жан-жағына көзін жүгірте қойып, бір орнында тұрып қалды. Себебі өз-өзін сыйлайтын әрбір тонаушы қол сұғардан бұрын, алдымен көзіне үйренуге уақыт береді.
(О. Генридің новелласы, аударған Ерден Еркебекұлы Қарсыбеков)
Терезеден тез кіріп алған тонаушы жан-жағына көзін жүгірте қойып, бір орнында тұрып қалды. Себебі өз-өзін сыйлайтын әрбір тонаушы қол сұғардан бұрын, алдымен көзіне үйренуге уақыт береді.
Тонаушы осы жеке үйдің иелері туралы пікір қалыптастырып үлгерген еді. Шегеленген алдыңғы есік пен күтімсіз өскен Бостон шырмауығын [1] байқаған ол, әртүрлі жорамал құрып, мына үйге қарайтын әйел қазір мұхит жағалауында демалып жүр-ау деп, бір жанашыр, теңіз кепкесін киген жас адаммен танысып алып, оған өзінің сезімтал, жалғызсыраған жүрегінің сырларын ашып жатқанын көзіне елестетті. Ал үшінші қабаттағы терезелердің жарығына қарап, тонаушы кешкілік әдеттерді ескере отырып, отағасы үйге жаңа...