О. Генридің новелласы, Джимми Хейз бен Мьюриэл Кешкі ас аяқталғанда, лагерь жүгері қабығынан темекіні орап жасаумен тыныштыққа бөленді. Аспанның қара жерге түсіп қалған бір кесегіндей кішкене тоған жылтырап тұр. Алыста койоттар үріп, жақын маңда көкорайға басын бұрған шідерлі [1] аттардың тұяқ дүмпуі естіледі. Техас рейнджерлерінен [2] құралған Шекара қорғау батальонының бір жасағы алау жанына жайғасып орналасыпты.
(О. Генридің новелласы, аударған Ерден Еркебекұлы Қарсыбеков)
I
Кешкі ас аяқталғанда, лагерь жүгері қабығынан темекіні орап жасаумен тыныштыққа бөленді. Аспанның қара жерге түсіп қалған бір кесегіндей кішкене тоған жылтырап тұр. Алыста койоттар үріп, жақын маңда көкорайға басын бұрған шідерлі [1] аттардың тұяқ дүмпуі естіледі. Техас рейнджерлерінен [2] құралған Шекара қорғау батальонының бір жасағы алау жанына жайғасып орналасыпты.
Жоғары жақтан чапарраль бұтақтарының ағаш үзеңгіге жармасып, тысырлап жатқан дыбысы шықты. Бұл дыбысты ажыраған рейнджерлер зейін салып тыңдай бастады. Олар біреуді жұбатып келе жатқан көңілді, қатты дауысты естіді:
— Сергек бол, Мьюриэл, жаным, жақындап қалдық! Ұзақ жол жүріппіз, ә, көне достым? Қой, тікенектеріңді...