О. Генридің новелласы, Соңғы жапырақ Тағдыр ұйытқымасы әлдеқайдан еріксіз айдап әкеліп табыстырған екі жас суретші қыздың студиясы үш қабат кірпіш үйдің жоғарғысында еді.
(О. Генридің новелласы, аударған Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов)
Тағдыр ұйытқымасы әлдеқайдан еріксіз айдап әкеліп табыстырған екі жас суретші қыздың студиясы үш қабат кірпіш үйдің жоғарғысында еді.
Бұл үй көшелері қысқа-қысқа, қисық-қисық шимай-шытырманға айналып кеткен кварталда, қаланың шет жағында. Тағы бір таңғаларлығы — жалғыз ұзын көшесі өзін-өзі екі рет кесіп өтеді.
Арзанырақ пәтер, солтүстікке қараған терезе іздейтін суретшілер қаланың осы түкпіріне үймелесіпті. Қашанда қарызданбай тұра алмайтын еңбектің адамдары мұндай құмырсқаның илеуінен қарызын жинаушыларға оңайлықпен таптыра да бермейді. Қағаз керек, бояу керек, кенеп керек… Басы артық ақша жоқ, болып көрген де емес.
Суретші екі жас қыз Сьюди мен Джонси бірі Мейннен, бірі Калифорниядан...