«Бақытсыз Жамал» романы туралы бірер сөз
Батиғолла Толғанай
Атырау қаласы білім бөлімінің “Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 5А сынып оқушысы
5А сынып жетекшісі, тарих пәні мұғалімі
Ерлан Русланұлы
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш жарық көргеннен бастап қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысына айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан-қолға тимей қазақ...