(О. Генридің новелласы, аударған Ерден Еркебекұлы Қарсыбеков)
Батыстың асқан алаяғы мен қаңғыбасы Монтегю Силвер маған Литл-Рокта жүргенде былай айтқан болатын:
— Егер бір күні, Билли, сен есіңнен адасып қалсаң, немесе есейген адамдарды алдауға шамаң жетіспей, өзіңнің тым қартайып қалғаныңды сезінсең, Нью-Йоркке аттан. Иә, Батыста минут сайын бір аңқылдақ туады, бірақ Нью-Йоркте ондайлар уылдырық шашылып кеткендей сансыз көп.
Екі жыл өткенде, мен орыс адмиралдарының есімдерін есіме түсіре алмағанымды байқап, сол құлағымның үстін қылау шалғанын көріп, Силвердің кеңесін жүзеге асыруға уақыты келіп қалғанын ұқтым.
Нью-Йоркке тал түсте жетіп, келісімен Бродвей[1] бойын аралаумен болдым. Қарасам, Силвердің өзі мұнда жүр, үстіне ұсақ-түйек тауарларды үймелеп...