Бал – жоғары калориялы диеталық тағам. Балды күнделікті өмірде жиі қолданғанымызбен, оның адамға тигізетін көптеген пайдасы мен емдік қасиеттерін, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
Балдың түрлері
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сұрыпты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқұрай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бүл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдалануға болады.
Шыбындық (луговой) балы да бірінші сұрыпты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін...